Басты жаңалықтар

Қазақ мәдениетін әлемге Димаш секілді тұлғалар танытады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жыл мерекесінің алдында отандық БАҚ өкілдерінесұхбат берген болатын. Бұл кездесуде Елбасы биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сұхбат барысында Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасы төңірегінде сөз қозғап, қазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайбергеннің өнеріне қатысты пікірін білдірген болатын.

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағы — Қазақстанның мәдениетін батыста насихаттау. Мысалы, Америка Құрама Штаттары Голливудты көрсетеді, Италия әлемдік мәдениетте үздік әншілерін ұсынып отыр. Бізде де белгілі адамдар бар. Мысалы, Димаш Құдайберген. Димашты әлем қазақ деп таниды, яғни, Димаш арқылы қазақ әлемге танылып жатыр. Осындай мысалдар көп болуы керек. Мәселен, біздің театрларымыз әлемді аралап, қойылымдарын көрсетуі керек. Өзіміздің мәдениетті жаһандық деңгейде көрсетуіміз қажет! — деді Елбасы.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button